https://sputnik.kz/20250814/qazaqstanda-uyaly-baylanysqa-arnalgan-radiozhiilik-auktsionga-qoyyldy-56355729.html
Қазақстанда ұялы байланысқа арналған радиожиілік аукционға қойылды
Қазақстанда ұялы байланысқа арналған радиожиілік аукционға қойылды
Sputnik Қазақстан
Лоттың бастапқы бағасы 30 млрд теңге болып белгіленді 14.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-14T10:25+0500
2025-08-14T10:25+0500
2025-08-14T10:25+0500
аукцион
ұялы байланыс
https://sputnik.kz/img/1207/34/12073476_0:140:2933:1789_1920x0_80_0_0_4f08478073f1dd483df85258f9d1c47d.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігі еліміздегі ұялы байланысты дамыту үшін радиожиілікті аукционға қойды, деп хабарлады ведомство.Аукцион еліміздің барлық өңірінің, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумағын қамтиды.Лоттың бастапқы бағасы 30 млрд теңге (5 55,8 млн доллар).Аукционға Қазақстанда тіркелген:"Өтінім хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электронды форматта беріледі", - делінген хабарламада.Аукцион биылғы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250807/khalyq-tariftin-qalay-ozgergenin-uyaly-telefonnan-qarap-otyrady--zhana-zhoba-56230050.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1207/34/12073476_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_d871d759bd1dc3e66e563bbe908319b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аукцион, ұялы байланыс
Қазақстанда ұялы байланысқа арналған радиожиілік аукционға қойылды
Лоттың бастапқы бағасы 30 млрд теңге болып белгіленді
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігі еліміздегі ұялы байланысты дамыту үшін радиожиілікті аукционға қойды, деп хабарлады ведомство.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі төртінші буын (4G) ұялы байланыс желілерін дамыту үшін 791-801/832-842 МГц (10/10 МГц) диапазонында радиожиілік спектрін пайдалану құқығына аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Аукцион еліміздің барлық өңірінің, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумағын қамтиды.
Лоттың бастапқы бағасы 30 млрд теңге (5 55,8 млн доллар).
Аукционға Қазақстанда тіркелген:
ұялы байланыс операторының лицензиясы бар;
тарату немесе банкроттық процесінде емес;
байланыс саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
кепілдік жарнаны толық көлемде енгізген заңды тұлғалар қатыса алады.
"Өтінім хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электронды форматта беріледі", - делінген хабарламада.
Аукцион биылғы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.