АИ-95 бензиніне сұраныс өсті: алдағы болжам қандай

Аи-95 бензинінің 67 мың тонна қоры бар, бұл 16 күндік резерв
Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Қазақстанда шілде айының қорытындысы бойынша АИ-95 бензиніне сұраныс өсті және бұдан да әрі өседі деп күтіліп отыр, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Аи-95 бензинінің 67 мың тонна қоры бар, бұл 16 күндік резерв. Бұл қор күнделікті өндіріс арқылы үздіксіз толықтырылып отырады.
Шілдедегі тұтыну өткен жылмен салыстырғанда 18%-ке өсті, ал тамызда сұраныс бұдан да әрі өседі.
Ведомстводағылар бұл маусымдық жағдай дейді.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов нарықтың барлық қатысушысынан үздіксіз жеткізу және кез келген алыпсатарлық факторларды жоюды талап етті.
Тапшылық болмайды, мәселе үкіметтің ерекше бақылауында, деп сендірді ол.
Қазақстанның қай өңірінде бензин қымбат