https://sputnik.kz/20250526/qazaqstannyn-qay-onirinde-benzin-qymbat----53894765.html
Қазақстанның қай өңірінде бензин қымбат
Қазақстанның қай өңірінде бензин қымбат
Sputnik Қазақстан
Бір жылдың ішінде бензин орташа есеппен 2,2 процентке қымбаттады 26.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-26T16:56+0500
2025-05-26T16:56+0500
2025-05-26T16:56+0500
бензин
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15506141_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_99c03c72d913d9f5dd9621de973fa0fd.jpg
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Қазақстанда бір жылдың ішінде бензин орташа есеппен 2,2 процентке қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан EnergyProm порталына сілтеме жасап. Өткен жылмен салыстырғанда АИ-92 маркалы бензин 1,8%-ке көтерілсе, АИ-98 — 3,2%, ал АИ-95/96 бағасы 4,3%-ке өсті. Бір жыл ішінде бензин айтарлықтай қымбаттаған өңірлер: Ал Алматы (0,9%), Ақмола (1,1%) мен Жетісу (1,7%) облыстарында бензин бағасы қатты өспеген. Сәуір айында АИ-92 маркалы ең қымбат бензин Петропавлда (литріне - 209 теңге), ал ең төмен баға Атырау жақта (литріне - 195 теңге) болды. АИ-95/96 маркалы бензин Талдыкорғанда (литріне - 274 теңге) қымбат. АИ-98 маркалы бензиннің ең жоғары бағасы Алматыда (литріне - 315 теңге) тіркелді. Айта кетері, бүгінде орташа жалақыға сатып алуға болатын бензиннің көлемі жағынан Қазақстан 124 елдің ішінде 36-шы орында тұр. Бізде орташа жалақыға 1,1 мың литр бензин сатып алуға болады. Ал ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында келеді.
https://sputnik.kz/20250129/elimizde-benzin-men-dizel-otynyn-eksporttauga-tyyym-salyndy-50374280.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15506141_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cf61bed163d859540589b053341f0f2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин
Қазақстанның қай өңірінде бензин қымбат
Бір жылдың ішінде бензин орташа есеппен 2,2 процентке қымбаттады
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Қазақстанда бір жылдың ішінде бензин орташа есеппен 2,2 процентке қымбаттады, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан
EnergyProm порталына сілтеме жасап.
Өткен жылмен салыстырғанда АИ-92 маркалы бензин 1,8%-ке көтерілсе, АИ-98 — 3,2%, ал АИ-95/96 бағасы 4,3%-ке өсті. Бір жыл ішінде бензин айтарлықтай қымбаттаған өңірлер:
Батыс Қазақстан облысы - 4,8%;
Ал Алматы (0,9%), Ақмола (1,1%) мен Жетісу (1,7%) облыстарында бензин бағасы қатты өспеген.
Сәуір айында АИ-92 маркалы ең қымбат бензин Петропавлда (литріне - 209 теңге), ал ең төмен баға Атырау жақта (литріне - 195 теңге) болды. АИ-95/96 маркалы бензин Талдыкорғанда (литріне - 274 теңге) қымбат. АИ-98 маркалы бензиннің ең жоғары бағасы Алматыда (литріне - 315 теңге) тіркелді.
Айта кетері, бүгінде орташа жалақыға сатып алуға болатын бензиннің көлемі жағынан Қазақстан 124 елдің ішінде 36-шы орында тұр. Бізде орташа жалақыға 1,1 мың литр бензин сатып алуға болады.
Ал ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында келеді.