Енді мүлік иелері бірлестігінің төрағасы үй кеңесінің құрамына кіруге міндеттеледі

Заңға енгізілген өзгерістер 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күшіне енеді
Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. Қазақстанда алдағы уақытта барлық МИБ төрағалары үй кеңесінің құрамына кіруге міндетті болады, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап мүлік иелері бірлестігінің төрағасы жалпы жиналыста үш жыл мерзімге сайланады және үй кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
"Төраға және үй кеңесінің мүшесі ретінде бекітілу үшін кандидат пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болуы тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары, ата-анасы) де кандидат ретінде қарастырылуы мүмкін.
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы Қазақстан азаматы болуы тиіс және оның кәсіби біліктілігін растайтын құжатқа ие болуы қажет.
Әскери қызметті қайта-қайта шегеруге тыйым салынады – заң президентке жіберілді