Әйелді өлтіріп, ауласына көмген Түркістан тұрғынына үкім шықты

Сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған
Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіргені үшін және оқ-дәрілерді сақтағаны үшін 20 жылға сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Сотталушының үстінен Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру", "Оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау" баптары бойынша іс қаралды. Жантүршігерлік оқиға биыл 27 маусымда болған.
"Сотталушы Жетісай ауданы Алғабас ауылында жанжал кезінде жәбірленушіні жіппен қылқындырған. Салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Қылмысын жасыру үшін сотталушы мәйітті өз үйінің ауласында көмген", - дейді сот.
Сондай-ақ сотталушы өз үйінде ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының 32-дана оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған.
Айыпталушының кінәсі толық дәлелденген.
Прокурор оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.
"Сот үкімімен сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 10 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді", - деп хабарлады Түркістан облыстық соты.
Кәсіпкермен жалған келісімшарт жасаған шенеунік сотталды