https://sputnik.kz/20250807/kasipkermen-zhalgan-kelisimshart-zhasagan-sheneunik-sottaldy-56216960.html
Кәсіпкермен жалған келісімшарт жасаған шенеунік сотталды
Кәсіпкермен жалған келісімшарт жасаған шенеунік сотталды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкер өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарсыз болған 07.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-07T09:53+0500
2025-08-07T09:53+0500
2025-08-07T09:59+0500
бас прокуратура
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32817753_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_b637d105d587c1dcdbf4609b34212ed0.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жүргізілген тексеру барысында прокурорлар бюджеттік қаражатты жымқыру фактісін анықтады.Аталған мекеме басшысы 15,9 млн теңге көлемінде бюджеттік қаражатты жымқырған.Бұл ретте кәсіпкер өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарсыз болған.Анықталған заңбұзушылықтар бойынша былтыр шілдеде аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.Тайынша аудандық сотының үкімімен бөлім басшысы кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250804/243-mln-tenge-shakirtaqyny-oz-qazhetine-zhumsagan-bas-esepshi-sottaldy-56144313.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32817753_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_41d15574a9aef2246cfcf405deb223cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қылмыс
Кәсіпкермен жалған келісімшарт жасаған шенеунік сотталды
09:53 07.08.2025 (жаңартылды: 09:59 07.08.2025) Кәсіпкер өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарсыз болған
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жүргізілген тексеру барысында прокурорлар бюджеттік қаражатты жымқыру фактісін анықтады.
Аталған мекеме басшысы 15,9 млн теңге көлемінде бюджеттік қаражатты жымқырған.
"Тергеу барысында лауазымды тұлғаның Тайынша қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін модульдік құбыр өткізгішке арналған құрылғыны сатып алу мақсатында кәсіпкермен бір көзден мемлекеттік сатып алу шартына жалған түрде қол қойғаны белгілі болды", - деп жазылған бас прокуратура таратқан хабарламада.
Бұл ретте кәсіпкер өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарсыз болған.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша былтыр шілдеде аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Тайынша аудандық сотының үкімімен бөлім басшысы кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.