АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Атыраудағы уақытша ұстау изоляторының қызметкері шатасып басқа күдіктіні бостандыққа шығарып жіберген, деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті.
Ведомстводағылар келеңсіз жағдай қызметкердің кесірінен болды дейді.
"Қызметкер жіберген қатенің нәтижесінде сотталған адамды мерзімінен бұрын босатуға құжат ресімделген. Бұл қателік уақтылы анықталып, тоқтатылды. Сотталған адам түзеу мекемесінде", - дейді департаменттегілер.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлі лауазымды мамандар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.