Атырауда қызметкер тергеу изоляторынан басқа күдіктіні шығарып жіберді

Здание СИЗО-72 в Алматы
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Атыраудағы уақытша ұстау изоляторының қызметкері шатасып басқа күдіктіні бостандыққа шығарып жіберген, деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті.
Ведомстводағылар келеңсіз жағдай қызметкердің кесірінен болды дейді.
"Қызметкер жіберген қатенің нәтижесінде сотталған адамды мерзімінен бұрын босатуға құжат ресімделген. Бұл қателік уақтылы анықталып, тоқтатылды. Сотталған адам түзеу мекемесінде", - дейді департаменттегілер.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлі лауазымды мамандар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.
Бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіленді    - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Абай облысында түрме аумағына 2 кг гашиш тастамақ болған ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0