200 келіге жуық есірткіні өз шаруа қожалығында сақтаған әкелі-балалы сотталды

Ер адамдар былтыр қыста аса ірі мөлшердегі "гашиш" есірткі затын 1 млн теңгеге өткізу барысында құрықталды
Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында есірткіні заңсыз сақтау және сатумен айналысқан әкелі-балалы сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
2024 жылдың күзінде олар аса ірі мөлшердегі "гашиш" және "кептірілген марихуананы" өткізу мақсатында жинаған. Кейіннен есірткіні Т.Рысқұлов ауданында орналасқан шаруа қожалыққа жасырған.
Былтыр қыста жедел іздестіру-шараларын жүргізу нәтижесінде олар 12,7 кг аса ірі мөлшердегі "гашиш" есірткі затын 1 млн теңгеге өткізу барысында құрықталды.
"Сонымен қатар аталған тұлғаларға тиесілі шаруа қожалықтан өсімдік тәріздес заттар салынған 13 дана қап тәркіленіп, ішінен жалпы салмағы 185 кг "кептірілген марихуана" есірткі заты табылды", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әкесі мен баласы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Есірткі дайындаумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды