Жемқорлардан тәркіленген 10 млрд теңге Абай облысын сумен қамтуға бөлінді

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар салу жұмыстары жалғасып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Преьмер-министр баспасөз қызметінің мәліметінше өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі – Семей қаласында.
"Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.
Қайтарылған активтер: Жамбыл облысындағы ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді