Қазақстан Армения мен Әзербайжан арасындағы диалогқа одан әрі ықпал етуге дайын - Тоқаев

Тоқаев Армения премьер-министрінің жыл соңына жоспарлаған ресми сапарына Астана әзірлік жұмыстарын бастап кеткенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз - Sputnik. Қазақстан Президенті Премьер-министр Никол Пашинянды Вашингтонда Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрінің жыл соңына жоспарланған ресми сапарына Астана әзірлік жұмыстарын бастап кеткенін мәлімдеді. Ол Қазақстан келіссөздерге өз алаңын ұсына отырып, Армения мен Әзербайжан арасындағы саяси диалогқа одан әрі септігін тигізуге ниетті екенін жеткізді.
Никол Пашинян жылы лебізі мен қолдауы үшін мемлекет басшысына алғыс айтты.
Сондай-ақ Қазақстан тарапына екі мемлекет арасында бейбітшілік орнатуға қатысты келіссөз процесінің кейбір аспектілері жөнінде мәлімет берді. Премьер-министр Қазақстанның Армения мен Әзербайжанды татуластыруға қосқан үлесін оң бағалады. Сонымен қатар ол өзара ынтымақтастықты жандандыратын жаңа келісімдерге қол қою үшін Қазақстанға биыл арнайы сапармен келуге дайын екенін растады.
Тоқаев Әзербайжан мен Армения қол қойған келісімді тарихи жетістік деп санайды