https://sputnik.kz/20250809/toqaev-azerbayzhan-men-armeniya-arasynda-qol-qoyylgan-kelisimdi-tarikhi-zhetistik-dep-sanaydy-56265964.html
Тоқаев Әзербайжан мен Армения қол қойған келісімді тарихи жетістік деп санайды
Тоқаев Әзербайжан мен Армения қол қойған келісімді тарихи жетістік деп санайды
Sputnik Қазақстан
Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян Ақ үйде декларацияға қол қойды 09.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-09T09:59+0500
2025-08-09T09:59+0500
2025-08-09T10:08+0500
қасым-жомарт тоқаев
әзербайжан
армения
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/18/48051746_0:78:3361:1969_1920x0_80_0_0_a00d6ec662d096fa550a03a06089efe6.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды. Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.Айта кетсек, Әзербайжан мен Армения басшылары АҚШ-та Трамптың қатысуымен декларацияға қол қойды. Олар дипломатиялық қарым-қатынасты жандандырып, әскери текетіресті тоқтатуға келісті.
әзербайжан
армения
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/18/48051746_316:0:3045:2047_1920x0_80_0_0_251b1991aa2734b2e3eaa150f619b374.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әзербайжан, армения, ақш
қасым-жомарт тоқаев, әзербайжан, армения, ақш
Тоқаев Әзербайжан мен Армения қол қойған келісімді тарихи жетістік деп санайды
09:59 09.08.2025 (жаңартылды: 10:08 09.08.2025) Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян Ақ үйде декларацияға қол қойды
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
"Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты", - дейді президент.
Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.
Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды. Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.
Айта кетсек, Әзербайжан мен Армения басшылары АҚШ-та Трамптың қатысуымен декларацияға қол қойды. Олар дипломатиялық қарым-қатынасты жандандырып, әскери текетіресті тоқтатуға келісті.