Тікұшақ апаты: Сорбұлақ көлінен екінші адамның мәйіті шығарылды

Қазіргі уақытта анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Әскери тікұшақ құлаған көлден екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, күні кеше Сорбұлақ көлінің түбінен шамамен 14 метр тереңдіктен бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылған болатын. Бұған дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жасады. Соның негізінде тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағы анықталды.
Әскери тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті табылды