Тоқаев Сингапур президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
"Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.
Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, деп атап өтті Тоқаев.
Тоқаев Әзербайжан мен Армения қол қойған келісімді тарихи жетістік деп санайды