АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Жаркент қаласында ТМД мен ҰҚШҰ шекара қызметтерінің басшылары жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиын барысында шекара әскерлерлері қолбасшыларының кеңесін үйлестіру қызметінің басшысы Александр Манилов ҰҚШҰ-ның сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар жайында баяндады.
Ал Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан өкілдері шекара қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, трансшекаралық қылмыспен күрес саласында өзара тәжірибе алмасты.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылды анағұрлым тиімді жүргізу үшін өзара үйлестіру шараларын күшейтуге уағдаласты.
Ресми шарадан кейін делагаттар музейге барып, шекара бөлімшесі жанында ағаш отырғызды.