ҰҚШҰ ұйымға мүше елдегі кез келген қауіп-қатерге тойтарыс бере алады – Тасмағамбетов

© POOL
/ Жазылу
ҰҚШҰ бас хатшысы сұхбат берді
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында ұйымға мүше кез келген елдегі қауіптің алдын алуға ҰҚШҰ-ның әскери әлеуеті жеткілікті екенін айтты.
"ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетіне жедел ден қою күштері, бітімгершілік және авиациялық бөлімшелер, сондай-ақ өңірлік топтар кіреді. Бұл кез келген агрессияны тойтарып, ықтимал тәуекелдерді жедел тоқтатуға жеткілікті", - деді Тасмағамбетов.
Ол сондай-ақ ұйымға мүше елдер кезігіп жатқан аймақтық сын-қатерлерге тоқталды.
"Біріншіден, бұл терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі, заңсыз көші-қон, азық-түлік пен ресурстар тапшылығы, биоқауіпсіздік және, әрине, киберқауіпсіздік. Бұл сын-қатерлерге қарсы тұру үшін бірлескен күш қажет. ҰҚШҰ-да оларды тиімді жою үшін барлық қажетті құрал бар", - деді Тасмағамбетов.
ҰҚШҰ – шабуыл жасалған жағдайда бір-бірін қорғауға міндеттенген халықаралық ұйым. Оған мына елдер кіреді:
Қазақстан;
Ресей;
Беларусь;
Қырғызстан;
Тәжікстан;
Армения.