Талғарда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеген күдікті іздестіріліп жатыр

Зейнеткерлерді 38 жастағы көршісі өлтіріп кетті деген күдік бар
Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар ауданында екі зейнеткерді өлтірген күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, 79 жастағы ер адам мен 76 жастағы әйелдің денесі өз үйлерінен табылды. Қылмыскер оларды ұйықтап жатқан жерінде өлтірген: біреуін пышақтап тастады, ал әйелді қылқындырып өлтірген. Одан кейін бағалы заттарды алып, үйді өртеп кеткен.
Облыстық полиция екі қарт тұрғынның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Күдіктінің жеке басы анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іске ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған арнайы тергеу-жедел тобы құрылды", - дейді депаратмент мамандары.
Зейнеткерлерді 38 жастағы көршісі өлтіріп кетті деген күдік бар. Бұған дейін ол ұрлық үшін сотталған. Ер адам жақында ғана түрмеден шықты.
Баланы басып өтіп, қашып кеткен: Алматы облысында іздеу жарияланған жүргізуші ұсталды