https://sputnik.kz/20250808/talgarda-zeynetkerlerdi-oltirip-uyin-ortegen-kudikti-izdestirilip-zhatyr-56244213.html
Талғарда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеген күдікті іздестіріліп жатыр
Талғарда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеген күдікті іздестіріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Зейнеткерлерді 38 жастағы көршісі өлтіріп кетті деген күдік бар 08.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-08T12:07+0500
2025-08-08T12:07+0500
2025-08-08T12:07+0500
талғар
күдікті
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар ауданында екі зейнеткерді өлтірген күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Желіде тараған мәліметке сәйкес, 79 жастағы ер адам мен 76 жастағы әйелдің денесі өз үйлерінен табылды. Қылмыскер оларды ұйықтап жатқан жерінде өлтірген: біреуін пышақтап тастады, ал әйелді қылқындырып өлтірген. Одан кейін бағалы заттарды алып, үйді өртеп кеткен.Облыстық полиция екі қарт тұрғынның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.Зейнеткерлерді 38 жастағы көршісі өлтіріп кетті деген күдік бар. Бұған дейін ол ұрлық үшін сотталған. Ер адам жақында ғана түрмеден шықты.
https://sputnik.kz/20250706/balany-basyp-otip-qashyp-ketken-almaty-oblysynda-zhurgizushi-ustaldy-55435483.html
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талғар, күдікті
Талғарда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеген күдікті іздестіріліп жатыр
Зейнеткерлерді 38 жастағы көршісі өлтіріп кетті деген күдік бар
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар ауданында екі зейнеткерді өлтірген күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, 79 жастағы ер адам мен 76 жастағы әйелдің денесі өз үйлерінен табылды. Қылмыскер оларды ұйықтап жатқан жерінде өлтірген: біреуін пышақтап тастады, ал әйелді қылқындырып өлтірген. Одан кейін бағалы заттарды алып, үйді өртеп кеткен.
Облыстық полиция екі қарт тұрғынның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Күдіктінің жеке басы анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іске ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған арнайы тергеу-жедел тобы құрылды", - дейді депаратмент мамандары.
Зейнеткерлерді 38 жастағы көршісі өлтіріп кетті деген күдік бар. Бұған дейін ол ұрлық үшін сотталған. Ер адам жақында ғана түрмеден шықты.