Пашинян Арменияның барлық дерлік мүддесінен бас тартты – сарапшы

Баку мен Ереван бейбіт келісімге қол қоюы мүмкін
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Халықаралық гуманитарлық және саяси зерттеулер институтының сарапшысы Владимир Брутер Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз елінің барлық дерлік мүддесінен бас тартты, қалғанынан да бас тартуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Әзербайжан мен Арменияның басшылары Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян осы аптада Вашингтонға барып, президент Дональд Трамппен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Washington Post ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сапар барысында Баку мен Ереван бейбіт келісімге қол қоюы мүмкін екенін хабарлады.
"Теориялық тұрғыдан Пашинян Зәңгезур дәлізін тапсыруы мүмкін. Бұлай болмайтынына бізде кепілдік жоқ. Пашинян қазірдің өзінде барлығынан дерлік (мүдделер – ред.) бас тартты, қалғанынан да бас тартуы мүмкін", - деді Брутер.
Ол Вашингтонның Иран шекарасы маңындағы көлік дәлізін басқаруға дайын екенін айтқан АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Томас Барактың мәлімдемесін еске салды.
"Егер олар ол жаққа (аймаққа – ред.) бір келсе, кетпейді", - деген сарапшы алдағы кездесуге қатысушылардың ресейлік тараптың мүддесін "ескермейтінін" баса айтты.
2022 жылы Ереван мен Баку Ресей, АҚШ және ЕО-ның арағайындығымен болашақ бейбіт келісімді талқылауға кірісті. 2023 жылдың мамыр айының соңында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван Әзербайжанның Кеңес шекарасындағы, яғни Қарабақпен бірге егемендігін тануға дайын екенін айтты.
2023 жылдың 19 қыркүйегінде Әзербайжан Қарабақта бір тәулікке созылған әскери операция бастады. Нәтижесінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіргенін жариялады.
Әзербайжан негізгі аумағын армянның Сюник аймағы арқылы Нахичеванмен байланыстыру үшін Зәңгезур көлік дәлізін салуды талап етіп отыр. Ереван дәліз идеясымен келіспейді және Арменияның иелігіндегі жолды Әзербайжанға ашуға дайын.
2024 жылдың тамызында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің Ереван мен Баку арасында бейбіт келісімнің тезірек жасалғанын және Арменияның Сюник аймағы арқылы өтетін коммуникацияларды бұғаттан шығаруды жақтайтынын айтты.
Ресей Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздерді қызу қолдайды, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2025 жылдың 24 шілдесінде.
Тоқаев Әзербайжан президентіне жеделхат жолдады