АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Өзбекстан дипломаттары қазақстандық тараппен Ресей шекарасында жүк көліктерін өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды "Дунё" ақпарат агенттігі.
Қазақстан мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Жандос Дүйсембиевпен кездесу өткен.
Өзбек компаниялары жеміс, көкөніс пен тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде Қазақстан мен Ресей шекарасында қиындықтарға тап болған.
Бұған себеп – "Сargoruqsat электронды кезек жүйесіндегі түсініспеушілік", шекара маңындағы аумақтарда "жасыл" жолақтардың болмауы, сондай-ақ жүк көліктерін тоқтату және жүргізушілерді күтуге жасалған жағдайдың жоқтығы.
Ал қазақстандық тарап электронды кезек мәселесі туралы білетінін, ыңғайлы болу үшін жүйеге өзбек тіліндегі парақша мен қосымша слоттар енгізілгенін мәлімдеді.