https://sputnik.kz/20250721/qazaqstan-men-resey-shekara-arqyly-otetin-poyyzdar-sanyn-30-ga-arttyrady-55826583.html
Қазақстан мен Ресей шекара арқылы өтетін пойыздар санын 30%-ға арттырады
Қазақстан мен Ресей шекара арқылы өтетін пойыздар санын 30%-ға арттырады
Sputnik Қазақстан
Тараптар мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі жұмысты жетілдіруді көздейтін хаттамаға қол қойды 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T21:11+0500
2025-07-21T21:11+0500
2025-07-21T21:11+0500
теміржол
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1e/55213533_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_89cf5e0d1c7c339ea0c576dae7423059.jpg
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстан мен Ресей екінші жартыжылдықта шекара арқылы өтетін пойыздар санын 30 пайызға арттырмақ, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.Тараптар мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі жұмысты жетілдіруді көздейтін хаттамаға қол қойды. Бұл мемлекетаралық түйісу пункттері арқылы берілетін құрамдар санын тәулігіне 65-тен 85 жұп пойызға дейін 30% - ға арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ тараптар "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі шығыс тармағы бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесін талқылады.Қазақстандық тарап биылғы жылы ірі инфрақұрылымдық жобаларының - Достық-Мойыты, Алматы темір жол торабын айналып өту жолдарының құрылысы және 3 мың шақырымнан астам қолданыстағы желілерді жаңғырту аяқталатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20250629/qazaqstan-temirzhol-zhelisi-zhangyrtylyp-zhatyr-55202504.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1e/55213533_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a4df2536df3cd896db8b5f9e3cc137eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, пойыз
Қазақстан мен Ресей шекара арқылы өтетін пойыздар санын 30%-ға арттырады
Тараптар мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі жұмысты жетілдіруді көздейтін хаттамаға қол қойды
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстан мен Ресей екінші жартыжылдықта шекара арқылы өтетін пойыздар санын 30 пайызға арттырмақ, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
"Мәскеуде 21 шілдеде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың "РЖД" ААҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы Олег Белозеровпен жұмыс кездесуі өтті", - делінген хабарламада.
Тараптар мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі жұмысты жетілдіруді көздейтін хаттамаға қол қойды. Бұл мемлекетаралық түйісу пункттері арқылы берілетін құрамдар санын тәулігіне 65-тен 85 жұп пойызға дейін 30% - ға арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тараптар "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі шығыс тармағы бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесін талқылады.
Қазақстандық тарап биылғы жылы ірі инфрақұрылымдық жобаларының - Достық-Мойыты, Алматы темір жол торабын айналып өту жолдарының құрылысы және 3 мың шақырымнан астам қолданыстағы желілерді жаңғырту аяқталатынын атап өтті.