АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды
© Photo : Ақорданың баспасөз қызметі
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды", - деп жазылған хабарламада.
Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген.
Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.