Ресейден Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден астам су келді

Жайық трансшекаралық өзенінің су ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасады
Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Биыл алты айда Ресей аумағынан Қазақстанға Жайық өзені арқылы 6,43 млрд текше метрден астам су келген.
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі "Январцево" шекаралық гидробекетінің деректеріне сүйене отырып хабарлады.
"Өзен суының бөлінуі 1996 жылдың 20 маусымында бекітілген Жайық өзені бассейнінде трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы Хаттамаға сәйкес реттеледі. Құжатта Ресей тарапынан Қазақстанға жіберілетін су көлемі ай сайын нақтыланған", – деді министрліктің Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлова.
Жайық трансшекаралық өзенінің су ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасады. Елімізде бұл өзен Атырау облысы арқылы Каспий теңізіне құяды.
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді