АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ирак союға арналған ірі қара мал және ұсақ мал экспорты бойынша ветеринариялық сертификаттарды келісіп, бекітті, деп хабарлайды АШМ.
Құжаттар екі елдің ветеринариялық қызметтері арасындағы екіжақты келіссөздер аясында қол қойылды.
"Бұл келісімдер қазақстандық өндірушілер үшін жаңа экспорттық бағыт ашып, ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілімі географиясын кеңейтті және Таяу Шығыс өңірімен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты нығайтты", - деп жазылған хабарламада.
Ирак қазақстандық өнім үшін жаңа нарыққа айналды, бұл АӨК саласындағы сыртқы сауданың оң динамикасын көрсетеді.