Татарстанда Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильм көрсетілді

Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы 2015 жылы түсірілген фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Татарстан астанасында Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен ақынның 180 жылдығына орай Абайдың әкесіне арналған "Құнанбай" кинодрамасы көрсетілді.
Татарстанда Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильм көрсетілді
Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулы Ерлан Ысқақов Абай Құнанбаевтың өмірі мен Қазақстан мәдениетіне әсері туралы айтты, деп хабарлайды "Татар-информ".
"Абай Құнанбаев – қазақтың ақыны, ойшылы, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері, жаңа қазақ классикасы мен әдебиетінің негізін салушы. Фильм оның әкесі Құнанбай Өскенбаевқа арналған", - деді Бас консул.
Ысқақовтың айтуынша, болыс болған Құнанбай Абайға, оның біліміне көп қаржы салған.
"Ол Еуропа мен орыс әдебиетінің арасында көпір болды. Көптеген шығарманы, тіпті Пушкинді де аударды. Осы мүмкіндіктің арқасында ол қазақ халқына басқа халықтардың тарихын зерттеуге мүмкіндік берді", - деді ол.
"Құнанбай" фильмін қазақ режиссері Досхан Жолжақсынов 2015 жылы Абайдың 170 жылдығына түсірген.
Абайға 180 жыл: Абай облысына үш аймақтан полиция күштері тартылады