"ҚазМұнайГаз" Хорватия арқылы Венгрияға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттады

Венгрияның мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" Хорватия арқылы Венгрияға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) мен MOL Group (Венгрия) арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық кеңейту шеңберінде Венгрия мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы жіберілді", - делінген хабарламада.
Танкер теңіз арқылы Новороссийскіден Хорватияның Омишал портына дейін барды. Сол жерден соңғы пунктке — Венгриядағы Сазхаломбатта мұнай өңдеу зауытына дейін Адрия мұнай құбыры арқылы тасымалданады.
Биыл мұнай өңдеу зауыттары 10 млн тоннадан аса мұнай өңдеді