Астанада 8,5 мың балаға мектепке қажетті құрал-жабдық таратылады

Қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астанада "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында 8 500 балаға мектепке қажетті заттар таратылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Соның аясында көпбалалы, аз қамтылған және жетім балаларға көмек көрсетіледі.

"Мектеп сөмкесі мен кеңсе заттары түріндегі бұл көмек меценаттар мен әлеуметтік серіктестердің есебінен беріледі", - дейді әкімдік мамандары.

Сондай-ақ, қала тұрғындары да акцияға қатыса алады. Ол үшін сауда орталықтарында арнайы контейнерлер орнатылды. Оған мектепке қажетті заттарды салуға болады. Оны мектептер мен қоғамдық ұйымдар арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратып береді.
Контейнерлер Mega Silk Way, Аружан, Сарыарқа, Рахмет және тағы басқа сауда орталықтарында орналасқан.
1 қыркүйектен бастап барлық мектепте тәрбие бағдарламасы өзгереді