АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
© Пресс-служба президента Казахстана
Кездесуде әкім шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Биылғы алғашқы жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11%-ке өсіп, негізгі капиталға инвестиция көлемі 25,4%-ке артқан.
Дархан Сатыбалды полицентристік даму, аудандар арасындағы байланысты күшейту және қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру жайын да айтты.
Президент шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды.
Бұл шектеу бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.
Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.