Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына барды

Делегация сапарының бір мақсаты – Ресейден инвесторлар тарту
Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына барды, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сапар аясында Нұрымбет Сақтағановтың Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесуі жоспарланған.
Омбы қаласының әкімшілігі
Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан кеме көлігі арқылы транзиттік тасымалды қалпына келтіру немесе ашу мәселесін талқылау көзделген. Бұл жоба Ертіс өзені арқылы транзиттік тауарларды Шығыс Қазақстан өңірінде Абай және Павлодар облыстарынан РФ-ның Омбы облысына дейін және Ресейдің басқа аймақтары арқылы - Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін шығуға мүмкіндік береді.
ШҚО делегация сапарының тағы бір маңызды мақсаты – Ресейден елдің шығысына инвесторлар тарту.
"Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласында да ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол. Сондықтан барлық инвесторды "Altay Invest-2025" халықаралық инвестфорумында көргіміз келеді", - деп атап өтті Сақтағанов.
Сонымен қатар облыс делегациясы Омбы қаласының 309 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысуды жоспарлаған.
Саясат
Тоқаев Омбы облысы губернаторына: қазақтар тұратын бұл шекаралас аймақтың маңызы зор