Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына барды

© Photo : Телеграм-канал губернатора Омской области Виталия Хоценко Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына барды
Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Жазылу
Делегация сапарының бір мақсаты – Ресейден инвесторлар тарту
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына барды, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сапар аясында Нұрымбет Сақтағановтың Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесуі жоспарланған.
© Photo : Акимат Восточно-Казахстанской области Омбы қаласының әкімшілігі
Администрация города Омск - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Омбы қаласының әкімшілігі
Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан кеме көлігі арқылы транзиттік тасымалды қалпына келтіру немесе ашу мәселесін талқылау көзделген. Бұл жоба Ертіс өзені арқылы транзиттік тауарларды Шығыс Қазақстан өңірінде Абай және Павлодар облыстарынан РФ-ның Омбы облысына дейін және Ресейдің басқа аймақтары арқылы - Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін шығуға мүмкіндік береді.
ШҚО делегация сапарының тағы бір маңызды мақсаты – Ресейден елдің шығысына инвесторлар тарту.
"Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласында да ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол. Сондықтан барлық инвесторды "Altay Invest-2025" халықаралық инвестфорумында көргіміз келеді", - деп атап өтті Сақтағанов.
Сонымен қатар облыс делегациясы Омбы қаласының 309 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысуды жоспарлаған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омбы облысы губернаторы Александр Бурков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Саясат
Тоқаев Омбы облысы губернаторына: қазақтар тұратын бұл шекаралас аймақтың маңызы зор
Жаңалықтар
0