АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі алғашқы технопарк құрылуда, деп хабарлайды "АПК Новости" агенттігі.
Оны үш негізгі ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу ұйымдары – ҚазАТУ, Бараев атындағы НПК, Севказ СХОС базасында ұйымдастырады.
Технопарктің негізгі бағыты органикалық егіншілік болады. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы технопарк орталығы болады.
Елімізде 20 технопарк болса, ауыл шаруашылығы саласында бірде-бір технопарк жоқ екені айтылды.
Қазақстан өзінің орасан зор ауылшаруашылық ресурстары бола тұра климаттың өзгеруіне, жауын-шашынның болмауына және топырақтың деградациясына байланысты күрделі қиындықтарға тап болып отыр.