Қазақстанда бірегей аграрлық технопарк құрылып жатыр

© Photo : канал пресс-службы акима Павлодарской областиАстық жинау науқаны
Астық жинау науқаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Жазылу
Елімізде 20 технопарк бар, бірақ ауыл шаруашылығы саласында бірде-біреуі жоқ
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі алғашқы технопарк құрылуда, деп хабарлайды "АПК Новости" агенттігі.
Оны үш негізгі ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу ұйымдары – ҚазАТУ, Бараев атындағы НПК, Севказ СХОС базасында ұйымдастырады.
Технопарктің негізгі бағыты органикалық егіншілік болады. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы технопарк орталығы болады.
Елімізде 20 технопарк болса, ауыл шаруашылығы саласында бірде-бір технопарк жоқ екені айтылды.
Қазақстан өзінің орасан зор ауылшаруашылық ресурстары бола тұра климаттың өзгеруіне, жауын-шашынның болмауына және топырақтың деградациясына байланысты күрделі қиындықтарға тап болып отыр.
Қазақстанда құтқарушылар үшін бірыңғай радиожелі құрылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Қазақстанда құтқарушылар үшін бірыңғай радиожелі құрылады
Жаңалықтар
0