Қазақстан ШЫҰ аграрлық саудасына арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды

Платформа электрондық сертификаттауды, өнімнің қайдан шыққанын бақылауды және логистикалық мониторингті қамтиды деп жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстан ШЫҰ-да ауыл шаруашылығы саудасын цифрландыруды ұсынды.
"Біз аграрлық секторды бәсекелестік емес, стратегиялық серіктестік кеңістігі ретінде қарастырамыз", - деді вице-министр Ермек Кенжеханұлы Бейжіңде өткен ШЫҰ ауыл шаруашылығы министрлерінің Х отырысында.
Ол сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер жағдайында — климаттың өзгеруі, өндіріс құнының өсуі, топырақ және су ресурстарының деградациясы — ауыл шаруашылығы ШЫҰ кеңістігінде тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі саласына айналып отырғанын айтты.
"Осыған байланысты ШЫҰ ауыл шаруашылығы саудасы үшін электрондық сертификаттау, логистикалық мониторинг, өнімнің қайдан шыққанын бақылау тетіктерін қамтитын бірыңғай цифрлық платформа құру ұсынылды", - делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кенжеханұлының айтуынша, бірыңғай цифрлық платформа электронды сертификаттау, өнімнің қайдан шыққанын қадағалау және логистикалық мониторингті қамтиды.
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері ШЫҰ аясында ынтымақтасуға уағдаласты