Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері ШЫҰ аясында ынтымақтасуға уағдаласты

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана
Жазылу
Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымы отырысы аясында Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Ван Идің кездесуі
© Photo : пресс-служба МИД Казахстана
"Тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады", - деп жазылған Қазақстан СІМ таратқан хабарламада.
Қазақстан мен Қытай көшбасшылары арасындағы кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлердегі алдағы іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Ван Идің кездесуі

Мұрат Нұртілеу

Ван И

"Биыл Астанада мемлекеттер басшыларының дәстүрлі түрде ашық әрі сенімді сипатта өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша жаңа өршіл мақсаттар қойылып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыты айқындалды. Ендігі ортақ міндетіміз – қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру үшін бар күшімізді салу", – деді Нұртілеу.
Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және транзиттік-көліктік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және "Орталық Азия – Қытай" форматы сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы тығыз үйлестіру мен өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.