Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығыс майданда шешіледі – америкалық профессор

Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Украинадағы қақтығыс әскери жолмен шешіледі, өйткені Киев те, Еуропа да Ресейге қолайлы шарттармен келіспейді, деп есептейді америкалық профессор Джон Миршаймер.
"Не украиндар, не Батыс – бұл жерде біз негізінен еуропалықтар туралы айтып отырмыз – Ресейге қолайлы болатын келісім жасауға дайын емес. Сондықтан бұл соғыс дипломатиялық жолмен реттелмейді. Барлығы майдан даласында шешіледі", - деді ол журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу үшін белгіленген 50 күндік мерзімді қақтығысты шешуде ілгерілеушіліктің жоқтығын алға тартып, 10-12 күнге дейін қысқартатынын мәлімдеді.
Егер Мәскеу мен Киев атысты тоқтату туралы келісімге келмесе, Вашингтон Ресейден келетін тауарларға 100 пайыздық баж салығын салып, ресейлік мұнайды сатып алатын елдерге екінші реттік санкциялар салады деп сес көрсетті. Сонымен бірге АҚШ басшысы бұл баж Ресейге әсер ететініне сенімді емес екенін атап өтті.
Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі сәрсенбі күні Ыстанбұлдағы Чираган сарайында өтіп, бір сағатқа созылды. Ресей мен Украина келіссөз барысында меморандумдарда баяндалған ұстанымдарды кеңінен талқылады. Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, тараптардың ұстанымы бір-бірінен өте алыс.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Тараптардың ұстанымы бір-бірінен өте алыс": Ыстанбұлда қандай келісім жасалды