"Тараптардың ұстанымы бір-бірінен өте алыс": Ыстанбұлда қандай келісім жасалды
00:31 24.07.2025 (жаңартылды: 00:32 24.07.2025)

© Photo : МИД России
Жазылу
Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің үшінші раунды өтті
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Ыстанбұлда өткен келіссөзден кейін Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский бастаған Ресей делегациясының өкілдері БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Мединский келіссөз қорытындысы бойынша сөз сөйледі.
Ресейдің ұсыныстары:
Онлайн режимде жұмыс істейтін үш жұмыс тобын құру. Қарсы тарап бұл ұсынысты қарастыруды ұйғарды.
Әр жақтан кемінде 1200 әскери тұтқынды айырбастау.
Жаралыларды шығарып, мәйіттерді жинау үшін қысқа, 24, 48 сағаттық атысты тоқтату мәселесін қарастыру.
Ресей тағы 3 мың украин сарбазының мәйітін тапсыруды ұсынды, олардың сүйегі "Қызыл крестің" көмегімен, Украина жағы дайын болған кезде жеткізіледі.
Гуманитарлық келісімдер:
Екінші раундтағы барлық гуманитарлық келісім орындалды.
Тұтқын алмасу аяқталды.
Мәскеу Киевке қаза тапқан жеті мыңнан астам украиналықтың денесін қайтарды.
Ұрыс шебіндегі ауыр жараланғандар мен науқастарды алмасу жалғасады.
Санитарлық топтар "сұр аймақта" тым үлкен қауіпке ұшырап жатыр.
Бейбіт тұрғындардың оралуы:
Украинамен әскери әрекеттер салдарынан қоныс аударған бейбіт тұрғындарды қайтару мәселесі талқыланды.
Украина қарулы күштері Украина аумағына көшірген Курск облысы тұрғындарының барлығы бірдей үйіне қайтарылған жоқ, олардың саны 30 шақты.
Оларды ұстау себебі түсініксіз.
Киев бұл адамдардың мәртебесін анықтауы керек.
Қақтығысты реттеу мәселесін талқылау:
Ресей мен Украина келіссөз барысында меморандумдарда баяндалған ұстанымдарды кеңінен талқылады, олар бір-бірінен өте алыс.
Мединский украиналық тараппен делегациялар деңгейінде ғана емес, жұмыс топтары деңгейінде де жедел байланыс орнатуға үміт білдірді.
