Қазақстан Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай тасымалдауды арттырады

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 800 мың тоннаға жуық мұнай тасымалданған
Sputnik
АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін ұлғайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, 2025 жылы бұл бағыт бойынша 1,7 млн тонна мұнай тасымалдау жоспарланған. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 1,4 миллион тоннаны құраған.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 800 мың тоннаға жуық мұнай тасымалданып, көлемді ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі баламалы бағыттарының бірі болып табылады және біз оның әлеуетін арттыруға ниеттіміз", - деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар, келісімдер аясында бағыттың тиімділігін арттыру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Биыл мұнай өңдеу зауыттары 10 млн тоннадан аса мұнай өңдеді