Жамбыл облысында ауылда атыс болды: 4 адам жарақат алды

Аурухағаға түскен 28 және 26 жастағы науқастардың жағдайы ауыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында атыс болып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мойынқұм ауылында атыс болды. Аудандық ауруханаға 4 адам жеткізілген. Жарақаттары ауыр.
"Сағат 21:10 шамасында аурухананың қабылдау бөліміне 4 науқас түсті. 28 жастағы науқастың басы, кеуде қуысы және оң білегінде резеңке оқ жарақаттары бар. Оң және сол жамбасында бірнеше тесілген жаралар бар. Қан жоғалтқан, 2 дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Аурухағаға түскен 26 жастағы науқастың да жағдайы ауыр.
"Науқастың сол жақ білек, сол жамбас және оң қолында оқ жарақаты бар. Жалпы жағдайы ауыр", - дейді денсаулық басқармасы.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
"Жарақат травматикалық қарудан болған. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кім екенін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде”, - дейді облыстық полиция департаменті.
Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды