https://sputnik.kz/20250528/atyrau-oblysynda-atys-boldy-ush-adam-zardap-shekti--54012953.html
Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды
Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды
Sputnik Қазақстан
1 науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T16:58+0500
2025-05-28T16:58+0500
2025-05-28T17:04+0500
атырау облысы
атыс
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_46ae5f393689893bb4361b19a7a02f58.jpg
АЛМАТЫ, 28 мамыр - Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында атыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, жараланғандарды ажалдан аман алып қалған. "Оттегімен емдеу және инфузиялық терапия жасалды. Қазіргі уақытта азаматтар облыстық аурухана дәрігерлерінің бақылауында", - дейді ведомстводағылар. Полиция қылмыстық іс қозғады. "Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолға алынды", - дейді облыстық полиция департаменті. Тергеу департамент басшылығының бақылауында.
https://sputnik.kz/20250205/shvetsiya-mektebinde-atys-boldy-keminde-10-adam-qaza-tapty-50556325.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_205:0:1913:1281_1920x0_80_0_0_657c41941f3220ae356c825e91b08703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, атыс
Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды
16:58 28.05.2025 (жаңартылды: 17:04 28.05.2025) 1 науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді
АЛМАТЫ, 28 мамыр - Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында атыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.
"Олар дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 1 науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға әкелінді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, жараланғандарды ажалдан аман алып қалған.
"Оттегімен емдеу және инфузиялық терапия жасалды. Қазіргі уақытта азаматтар облыстық аурухана дәрігерлерінің бақылауында", - дейді ведомстводағылар.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолға алынды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Тергеу департамент басшылығының бақылауында.