Үкімет Қызылорда облысына 1 млрд теңге бөлді

Облыста 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында егін алқабын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет резервінен бөлінген ақша 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға жұмсалуы қажет. Соның арқасында магистральді арналарда су деңгейі төмен болғанда 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік болады.
Қазіргі кезде облыста 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген. Соның 82,4 мың гектары – күріш. Барлығына 2,5 млрд текше метр су қажет болады.
Облыс әкімдігі "Қазсушар" РМК-нің Қызылорда филиалымен бірлесіп, арнайы мониторинг тобын жасақтады. Сырдариядан келіп жатқан су көлеміне қарай бес магистральді және үш шаруашылықтар аралығындағы арналарға су беру кестесі бекітілді.
Жаңа Су кодексі күшіне енді