Үкімет Қызылорда облысына 1 млрд теңге бөлді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Жазылу
Облыста 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында егін алқабын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет резервінен бөлінген ақша 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға жұмсалуы қажет. Соның арқасында магистральді арналарда су деңгейі төмен болғанда 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік болады.
Қазіргі кезде облыста 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген. Соның 82,4 мың гектары – күріш. Барлығына 2,5 млрд текше метр су қажет болады.
Облыс әкімдігі "Қазсушар" РМК-нің Қызылорда филиалымен бірлесіп, арнайы мониторинг тобын жасақтады. Сырдариядан келіп жатқан су көлеміне қарай бес магистральді және үш шаруашылықтар аралығындағы арналарға су беру кестесі бекітілді.
Кокаральская плотина в Кызылординской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жаңа Су кодексі күшіне енді
Жаңалықтар
0