АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы тұрғыны мысықты қатырып, денесін бөлшектеп тастады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Бойжеткен өзінің әрекетін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.
"17 жастағы кәмелетке толмаған қыз ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған қызбен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді", - дейді ведомство.
Тиісті шара қабылдау үшін материал әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.