Фермерлерге 5 проценттік кредиттер беріле бастады

2025 жылға шамамен 50 млрд теңге бөлініп отыр
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Аграрлық несие корпорациясы мал шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған жаңа кредиттік бағдарламаны іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан корпорацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында ірі және ұсақ мал басын, жем-шөпті, жанар-жағармайды, сондай-ақ, мал бордақылау алаңдарына қажетті жабдықтар мен техникаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған. Бірақ қарыз сомасының кемінде 70 пайызы мал сатып алуға жұмсалуы қажет.
2025 жылға шамамен 50 млрд теңге бөлініп отыр. Кредиттер 5 процентпен 12 айға дейінгі беріледі. Оны қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар, негізгі қызмет түрі ірі қара және ұсақ мал бордақылауға бағытталған кәсіпорындар ала алады.
"Бағдарлама аясында сатып алынатын мал басы жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде тіркелген болуы тиіс, сондай-ақ белгіленген жас және салмақ сипаттамаларына сәйкес келуі керек. Несие алушы малдың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйесіне, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына келіп түсуі мен кетуін есепке алуды жүргізуге міндетті", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін субсидияларға қатысты маңызды өзгеріс енгізілген болатын.
Ауыл тұрғындарына 5 мыңға жуық шағын кредит беріледі – үкімет