Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқан 15 адам тергеуге алынды

Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру схемасы әшкереленді, деп хабарлады бас прокуратура.
Анықталғандай, 2023–2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлерінің тікелей қатысы бар. Олар теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.
Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.
"Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.
Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.
Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігі берілмейді – полиция ескерту жасады