Сырдариядан суды заңсыз алғандарға 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен суды заңсыз алған 9 тіркелмеген сорғы қондырғысын тапты, деп хабарлайды "Ақ Жайық" ақпарат порталы.
9 әкімшілік іс қозғалып, заңды бұзғандарға жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
"Жалпы, жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы арнайы су пайдалануға рұқсатсыз суды пайдаланған 62 адамды анықтады. Оларға 12,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды", - дейді ведомство.
Суды жосықсыз пайдаланудың тағы бір фактісін Тобыл - Торғай бассейндік инспекциясы анықтады. Онда суды негізсіз ағызу фактісі және суды есептеу құралының ақауы анықталды.
"Аз тұтынсаң, аз төлейсің": қазақстандықтар 1,6 миллион текше метр суды үнемдеді