АСТАНА, 28 шілде - Sputnik. Ресей ұннан дайындалған кондитерлік өнімдердің экспортын 9%-ке арттырды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттауды дамыту Федералды орталығы.
Жарты жыл ішінде Ресей 312 миллион доллардан астам қаражатқа 132 мың тонна өнім сатты.
Сатып алушылар арасында бірінші орында Қазақстан тұр.
Сондай-ақ импорттаушы елдердің бестігіне Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстан кірді.
Ресейлік жеткізілімдерді негізінен нан және ұннан жасалған басқа да кондитерлік өнімдер, тәтті құрғақ печенье; вафли мен кептірілген нан құраған.