Жеңістің 80 жылдығы

Қаладағы соңғы ардагер: Қонаевта 105 жастағы ҰОС ардагері қайтыс болды

Оксана Бетебаева 20 жасында майданға аттанып, Полтавадағы әскери госпитальда мейірбике болып қызмет еткен
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қонаев қаласының тұрғыны - ҰОС ардагері Оксана Бетебаева 105 жасында дүниеден озды.
Оксана Бетебаева 1920 жылдың 7 қазанында Украина КСР Полтава облысында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін ол медициналық училищеге түсіп, кейін Петрово-Рамен аудандық ауруханасында мейірбике болып жұмыс істеді.
20 жасында ол майданға аттанып, Полтавадағы әскери госпитальда мейірбике болып қызмет етті, жараланған талай жауынгерді ажалдан арашалады.
Дәл сол жерде, соғыс жылдарында өзінің болашақ жұбайы — емделіп жатқан офицер Бекежан Бетебаевпен танысты.
Жеңістен кейін ерлі-зайыпты Қазақстанға көшті. Олар Жаркентте әскери қызмет атқарып, кейін Қонаев қаласына қоныс аударған. Оксана Бетебаева II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.
Ардагер 105 жасында көз жұмды. Ол - Ұлы Отан соғысына қатысқан Қонаевтағы ардагерлердің ең соңғысы еді.
Жеңістің 80 жылдығы
Петропавлда соғыс ардагері 103 жасқа толды