https://sputnik.kz/20250728/qaladagy-songy-ardager-qonaevta-105-zhastagy-uos-ardageri-qaytys-boldy-56000361.html
Қаладағы соңғы ардагер: Қонаевта 105 жастағы ҰОС ардагері қайтыс болды
Қаладағы соңғы ардагер: Қонаевта 105 жастағы ҰОС ардагері қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Оксана Бетебаева 20 жасында майданға аттанып, Полтавадағы әскери госпитальда мейірбике болып қызмет еткен 28.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-28T19:27+0500
2025-07-28T19:27+0500
2025-07-28T19:27+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0a/34724520_0:83:1600:983_1920x0_80_0_0_b9092b229dd82ab147b05c841ffea53b.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қонаев қаласының тұрғыны - ҰОС ардагері Оксана Бетебаева 105 жасында дүниеден озды.Оксана Бетебаева 1920 жылдың 7 қазанында Украина КСР Полтава облысында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін ол медициналық училищеге түсіп, кейін Петрово-Рамен аудандық ауруханасында мейірбике болып жұмыс істеді.20 жасында ол майданға аттанып, Полтавадағы әскери госпитальда мейірбике болып қызмет етті, жараланған талай жауынгерді ажалдан арашалады.Дәл сол жерде, соғыс жылдарында өзінің болашақ жұбайы — емделіп жатқан офицер Бекежан Бетебаевпен танысты.Жеңістен кейін ерлі-зайыпты Қазақстанға көшті. Олар Жаркентте әскери қызмет атқарып, кейін Қонаев қаласына қоныс аударған. Оксана Бетебаева II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.Ардагер 105 жасында көз жұмды. Ол - Ұлы Отан соғысына қатысқан Қонаевтағы ардагерлердің ең соңғысы еді.
https://sputnik.kz/20250302/petropavlda-sogys-ardageri-103-zhasqa-toldy-51279767.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0a/34724520_90:0:1511:1066_1920x0_80_0_0_b74da72545c31bb780196f16423488b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қаладағы соңғы ардагер: Қонаевта 105 жастағы ҰОС ардагері қайтыс болды
Оксана Бетебаева 20 жасында майданға аттанып, Полтавадағы әскери госпитальда мейірбике болып қызмет еткен
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қонаев қаласының тұрғыны - ҰОС ардагері Оксана Бетебаева 105 жасында дүниеден озды.
Оксана Бетебаева 1920 жылдың 7 қазанында Украина КСР Полтава облысында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін ол медициналық училищеге түсіп, кейін Петрово-Рамен аудандық ауруханасында мейірбике болып жұмыс істеді.
20 жасында ол майданға аттанып, Полтавадағы әскери госпитальда мейірбике болып қызмет етті, жараланған талай жауынгерді ажалдан арашалады.
Дәл сол жерде, соғыс жылдарында өзінің болашақ жұбайы — емделіп жатқан офицер Бекежан Бетебаевпен танысты.
Жеңістен кейін ерлі-зайыпты Қазақстанға көшті. Олар Жаркентте әскери қызмет атқарып, кейін Қонаев қаласына қоныс аударған. Оксана Бетебаева II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.
Ардагер 105 жасында көз жұмды. Ол - Ұлы Отан соғысына қатысқан Қонаевтағы ардагерлердің ең соңғысы еді.