АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. ️Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.
"Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!" – деп жазды президент.
Еске салайық, Әйгерім Алтынбек көрермен көзайымы жүлдесін, "Үздік әйел дауысы" марапатын және Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді.