https://sputnik.kz/20250728/qazaq-anshisi-khalyqaralyq-bayqaudyn-absolyutti-zhenimpazy-boldy-55996105.html
Қазақ әншісі халықаралық байқаудың абсолютті жеңімпазы болды
Қазақ әншісі халықаралық байқаудың абсолютті жеңімпазы болды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар Әйгерім Алтынбек көрермен көзайымы жүлдесін, "Үздік әйел дауысы" марапатын және Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді 28.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-28T14:29+0500
2025-07-28T14:29+0500
2025-07-28T14:29+0500
халықаралық байқау
әндер байқауы
байқау
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55993245_0:39:1008:606_1920x0_80_0_0_ba2ee4e7f10a1689ea49ef15aad67c25.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Өнерпаз бірінші орыннан бөлек, байқаудың негізгі номинацияларында үздік атанып, абсолютті жеңімпаз болды. Сонымен қатар көрермен көзайымы жүлдесін, "Үздік әйел дауысы" марапатын және музыка сыншысы, арт-директор әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді.Бұл – ел мәдениетіндегі тарихи жеңіс. Байқауда алғаш рет Орталық Азия өкілі осындай жетістікке жетіп, көшбасшылар қатарынан көрінді.Биылғы байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өтінім түскен. Бірақ финалға небәрі 10 орындаушы өтті. Олар Портофино қаласының орталық алаңында Teatro Carlo Felice оркестрінің сүйемелдеуімен өткен гала-концертте өнер көрсетті."Үздік әйел дауысы" жүлдесін Әйгерімге Чилидегі Ибаньес-Аткинсон қоры табыстады. Бұл қор – әлем бойынша жас, дарынды вокалистерді іздеп, қолдаумен айналысатын халықаралық ұйым. Қор жетекші театрлармен әріптестік орнатқан және Сантьягодағы опера театрымен бірлескен жастар бағдарламасын жүзеге асырады. Әйгерім – бұл қордың Оңтүстік Америка континентіндегі қолдауына ие болған алғашқы еуропалық емес әнші. Оған кәсіби және болашақ ынтымақтастық бойынша ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс отандық өнерпазға Еуропадан тыс жерлерде де халықаралық мансабын кеңейтуге мүмкіндік береді.Әйгерім Алтынбектің бұл жетістігі бүкіл ел үшін серпіліс болды. Өте жоғары бәсекелестікке қарамастан, ол қазақстандық вокал мектебінің әлемдік деңгейдегі талаптарға сай келіп, биік меже қоя алатынын дәлелдеді.Еске сала кетейік, Concorso Lirico Internazionale di Portofino (CLIP) – жыл сайын Италияның Портофино қаласында өтетін, әлемдегі ең беделді вокалдық байқаулардың бірі. Конкурстың қазылар алқасы құрамында Еуропаның жетекші опера театрлары Вена операсы, Ла Скала, Глайндборн, Метрополитен және Елисей алаңындағы театрдың режиссерлері мен директорлары бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55993245_24:0:984:720_1920x0_80_0_0_cda86ed2988c696f712b336947976879.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
халықаралық байқау, әндер байқауы, байқау
халықаралық байқау, әндер байқауы, байқау
Қазақ әншісі халықаралық байқаудың абсолютті жеңімпазы болды
Сонымен қатар Әйгерім Алтынбек көрермен көзайымы жүлдесін, "Үздік әйел дауысы" марапатын және Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Өнерпаз бірінші орыннан бөлек, байқаудың негізгі номинацияларында үздік атанып, абсолютті жеңімпаз болды. Сонымен қатар көрермен көзайымы жүлдесін, "Үздік әйел дауысы" марапатын және музыка сыншысы, арт-директор әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді.
Бұл – ел мәдениетіндегі тарихи жеңіс. Байқауда алғаш рет Орталық Азия өкілі осындай жетістікке жетіп, көшбасшылар қатарынан көрінді.
"Байқау тарихында бірінші рет Әйгерім Алтынбек сайыстың басынан барлық қазылар алқасының рейтингінде бірінші тұрды. Бұл – өте сирек кездесетін жағдай. Бұл көрерменнің де таңдауы дұрыс болғанын дәлелдейді", – деді қазылар алқасының төрағасы Доминик Мейер.
Биылғы байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өтінім түскен. Бірақ финалға небәрі 10 орындаушы өтті. Олар Портофино қаласының орталық алаңында Teatro Carlo Felice оркестрінің сүйемелдеуімен өткен гала-концертте өнер көрсетті.
"Үздік әйел дауысы" жүлдесін Әйгерімге Чилидегі Ибаньес-Аткинсон қоры табыстады. Бұл қор – әлем бойынша жас, дарынды вокалистерді іздеп, қолдаумен айналысатын халықаралық ұйым. Қор жетекші театрлармен әріптестік орнатқан және Сантьягодағы опера театрымен бірлескен жастар бағдарламасын жүзеге асырады. Әйгерім – бұл қордың Оңтүстік Америка континентіндегі қолдауына ие болған алғашқы еуропалық емес әнші. Оған кәсіби және болашақ ынтымақтастық бойынша ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс отандық өнерпазға Еуропадан тыс жерлерде де халықаралық мансабын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әйгерім Алтынбектің бұл жетістігі бүкіл ел үшін серпіліс болды. Өте жоғары бәсекелестікке қарамастан, ол қазақстандық вокал мектебінің әлемдік деңгейдегі талаптарға сай келіп, биік меже қоя алатынын дәлелдеді.
Еске сала кетейік, Concorso Lirico Internazionale di Portofino (CLIP) – жыл сайын Италияның Портофино қаласында өтетін, әлемдегі ең беделді вокалдық байқаулардың бірі. Конкурстың қазылар алқасы құрамында Еуропаның жетекші опера театрлары Вена операсы, Ла Скала, Глайндборн, Метрополитен және Елисей алаңындағы театрдың режиссерлері мен директорлары бар.